О.Африка ашаршылықпен күресуде

Орталық Африка Республикасында азық-түлік дағдарысына дөп келген 2.2 миллион адамның жәрдемге мұқтаж екені білдірілді.

1852760
О.Африка ашаршылықпен күресуде

Орталық Африка Республикасында жалғасып жатқан азық-түлік мәселесін шешу үшін 68.4 миллион доллар қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының өкілі Томсон Фири баспасөзге мәлімдемесінде Орталық Африка Республикасында азық-түлік дағдарысына дөп келген 2.2 миллион адамның жәрдемге мұқтаж екенін айтты.

Орталық Африка Республикасында жалғасып жатқан азық-түлік мәселесін шешу үшін 68.4 миллион доллар қажет екенін айтқан Томсон Фири:

«Егер төтенше қаржыландыру мүмкіндігі табылмаса, миллиондаған адам үшін азық-түлік дағдарысы артады» деді.

Томсон Фири Украина-Ресей соғысы және жаһандық экономикалық дағдарыс азық-түлік мәселесіндегі тапшылыққа әсер еткенін білдірді.

Орталық Африка Республикасында азық-түлік дағдарысына дөп келген 2.2 миллион адамның аз сияқты көрінгенін айтқан Томсон Фири елдегі жан санының 5 миллион екені ескерілгенде жан санының жартысы  азық-түлік мәселесімен күрескенінне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар