Министр Чавушоғлу Индонезияда орыс әріптесімен бас қосты

Чавушоғлу "МИКТА 21-ші Сыртқы істер министрлері жиналысына" төрағалық жасады.

1853315
Министр Чавушоғлу Индонезияда орыс әріптесімен бас қосты

«Үлкен жиырмалық» елдері Сыртқы істер министрлері саммиті үшін Индонезияға барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бас қосты.

Әлеуметтік медиа парақшасынан бас қосу туралы мәлімдеме жасаған Чавушоғлу «Үлкен жиырмалық елдердің Сыртқы істер министрлері саммиті  аясында ресейлік әріптесім Лавровпен Украинадағы соғысты, азық-түлік қауіпсіздігін және Сириядағы оқиғаларды талқыладық» деді.

Чавушоғлу алдында Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардпен бас қосқан еді.

«Үлкен жиырмалық» елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы үшін Индонезияға барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардпен бас қосты.

Әлеуметтік медиа парақшасында кездесу туралы мәлімдеме жасаған Министр Чавушоғлу «Үлкен жиырмалық елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында мексикалық әріптесіммен (өзара) жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындықтары және Украинаға қоса аймақтық оқиғаларды талқыладық» деді.

Басқа жақтан Мевлүт Чавушоғлуның төрағалығымен МИКТА (Түркия, Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея және Австралия) 21-ші Сыртқы істер министрлері саммиті өтті.

Саммитке Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрард, Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди, Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі Джин Пак және Австралия Сыртқы істер министрі Пенни Вонг қатысты.

Министр Чавушоғлу кездесу туралы Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Украинадағы соңғы оқиғалар, азық-түлік қауіпсіздігі және көші-қон тақырыптарына қоса ортақ күн тәртібіміздегі мәселелерді талқыладық» деді.

Түркия наурыз айында МИКТА саммитінің кезекті төрағалығын Австралиядан қабылдап алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар