Конашенков Ресейдің шабуылдарын жалғастырғанын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның соңғы шығындары туралы мәлімдеді.

1852774
Конашенков Ресейдің шабуылдарын жалғастырғанын мәлімдеді

Ресей Украинада Америка Құрама Штаттары (АҚШ) өндіретін 2 жоғары тиімді артиллериялық зымыран жүйесінің (HIMARS) әуеден жоғары дәлдіктегі зымырандармен жойылғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі Игорь Конашенков бас қала Мәскеуде Ресей мен Украина арасындағы соғыста ресей армиясының шабуылдары туралы мәлімдеме жасады.

Ресей күштерінің Украинада әскери нысандарға бағыттап шабуылдарын жалғастырғанын атап көрсеткен Конашенков Украина қарулы күштерінің Харьковтегі 92-ші механикаландырылған бригадасының 100-ге жуық әскері мен 4 әскери техникасының жойылғанын айтты.

Конашенков «Донецктің Малотарановка елді мекенінде АҚШ-та жасалған 2 жоғары өнімді артиллериялық зымыран жүйесі (HIMARS) және осы жүйелерге тиесілі 2 оқ-дәрі қоймасы әуеден жоғары дәлдіктегі зымырандармен жойылды.

Сонымен қатар Николаев аймағында «S-300 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің радиолокациялық станциясы мен шетелдік жалдамалы жауынгерлер уақытша орналастырылған орталық дәлдігі жоғары қарулармен жойылды» деді.

Соңғы 24 сағатта Украина армиясына тиесілі 6 штаб, 6 оқ-дәрі және қару-жарақ қоймасы, «Ураған» және «Град» көп ұңғылы зымыран тасығыштарының атылғанын атап көрсеткен Конашенков Украинаның «Су-25» әскери ұшағы, «Ми-8» және 2 дана «Ми-24» әскери тікұшақпен 11 пилотсыз әуе көлігінің құлатылғаны  туралы ақпаратпен бөлісті.

Украина күштеріне тиесілі 9 «Точка-У» тактикалық зымыраны мен 8 көп ұңғылы зымыран жүйесінің қолға түсірілгенін атап көрсеткен Игорь Конашенков «Бүгінге дейін 232 әскери ұшақ, 137 тікұшақ, 1 мың 462 пилотсыз әуе көлігі, 353 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, 3 мың 915 танк пен сауытты көлік, 720 көп ұңғылы зымыран, 3 мың 96 гаубица мен миномет және 4 мың 43 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар