Дмитрий Песков дәнді дақыл жайлы мәлімдеме жасады

Песков "Әсіресе қазіргі жағдайда оны қажеттілікке қарай бағалайтын болсақ, біздің астығымызға сұраныс өте көп" деді.

1852812
Дмитрий Песков дәнді дақыл жайлы мәлімдеме жасады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей дәнді дақылдарына сұраныстың көп болғанын, бірақ оны әлемдік нарыққа шығаруда көптеген кедергілердің бар екенін айтты.

Дмитрий Песков журналистерге берген мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путиннің астық жөнелту жұмыстарын жалғастырып жатқанын және ағымдағы шарттар аясында тиісті компаниямен кездесетінін айтты.

Песков «Әсіресе қазіргі жағдайда оны қажеттілікке қарай бағалайтын болсақ, біздің астығымызға сұраныс өте көп. Бірақ әлемдік нарыққа шығу жолында көптеген кедергілер бар» деген сөздер қолданды.

Песков бұл кедергілердің ең алдымен Еуропа Одағы  елдерінің заңсыз санкциялары мен шектеулерінен туындағанына назар аударды.

Украина порттарынан астықты шығару туралы келіссөздер және Ресейдің рөлі туралы бір сұраққа жауап берген Дмитрий Песков кеше Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың аталмыш кемелердің шығуы үшін екі дәліз ашылғаны туралы мәлімдемесін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар