"Бейбіт халықтың өліміне батыс елдері жауапты"

Лавров Вьетнам Сыртқы істер министрімен кездесуден кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.

1852744
"Бейбіт халықтың өліміне батыс елдері жауапты"

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров батыстың Украинаның Добнасс және басқа да аймақтарында бейбіт халықтың өліміне жауапты екенін білдірді.

Вьетнамға сапар ұйымдастырған Лавров Вьетнам Сыртқы істер министрімен кездесуден кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.

Батыс елдерінің Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге санция жүргізгеніне назар аударған Лавров Вьетнамның аталмыш санкцияларға қосылмағанын тілге тиек етті.

Ол Ресейдің Белгород және Курск қалаларына бағытталған шабуылға байланысты Лавров Украина әкімшілігінің «Осы армиясы Украинаға батыс елдерінен келетін қаруды тоқтату мақсатты өз қалаларын бомбалады» деген сөздеріне орай «Олар жалған айтады.  Бұлардың айғағын Ресей Қорғаныс министрлігі күн сайын ұсынып отыр» деді.

Орыс министр «Батыс әсіресе Донбасс аймағына және Украинаның басқа аймақтарында бейбіт халықтың өліміне жауапты екенін білуі керек. Киев әкімшілігі батыс берген қарулы осында бейбіт халықты қорқыту үшін қолданып отыр. Бұл – мемлекеттік террор» деді.



Ұқсас жаңалықтар