Сомали президенті: «Түркиямен көмірсутегі келіссөздерін бастадық»

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Түркия сапарымен байланысты баспасөзге мәлімдеме жасады.

1852108
Сомали президенті: «Түркиямен көмірсутегі келіссөздерін бастадық»

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд елінің көмірсутегі резервтері тақырыбында Түркия мен Сомали үкіметтерінің ынтымақтастық келіссөздерді жалғастырғанын мәлімдеді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 3-5 шілде күндері арасында Түркияға келген Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд баспасөзге мәлімдеме жасады.

Махмуд Түркия мен Осман мемлекетінен бастау алған тарихи қарым-қатынастары бар екенін атап бұл қарым-қатынастың президент Ердоғанның премьер-министрлік кезінде (2011) Сомалиге сапарымен қайта жанданғанын тілге тиек етті.

Ердоғанның аталмыш сапарының маңыздылығына назар аударған Махмуд бұл сапардың елінің әлемге ашылуы үшін таптырмас бір мүмкіндік екенін айтты. Махмуд «Бұдан былай Түркия мемлекеттік құрылыс тұрғысынан, гуманитарлық, қауіпсіздік және қорғаныс, террормен күрес сияқты ең қиын кезеңде де жанымызда болды. Сондықтан бұл ұлы елдің оның халқының біз үшін мәні ерекше» деді.

Сомалидің көмірсутегі байлығы туралы сұраққа Махмуд «Бүгін Сомалидің көмірсутегі әлеуеті туралы өте жақсы деректер бар, бірақ бұл деректер жеткіліксіз» деді.

Сомалидің Африкадағы ең үлкен (теңіз) жағалауға ие екенін атап көрсеткен Махмуд аймақтың әлі толық зерттелмегенін білдірді.

Түркиямен көмірсутегі саласындағы ынтымақтастыққа тоқталған Сомали президенті «Түркия технология, білім және техникалық тәжірибе жағынан дамыған бірмемлекет. Түркия мен Сомали үкіметтері арасында көмірсутегі мәселесінде қалай бірігіп жұмыс істей алатынымыз туралы нақты кезеңдер мен келіссөздер бар. Біз үшін басым бағыт. Түркия үкіметіне сенеміз. Серіктес ретінде түрік компанияларына деген сенеміз мол. Көмірсутегі саласында үкіметаралық серіктестік мәселесін талқылауды бастадық. Біз бастапқы сатыда және бірге жұмыс істейміз» деді.

Геосейсмикалық зерттеулер Сомалиде кем дегенде 30 миллиард баррель мұнай мен табиғи газ резерві болуы мүмкін екенін көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар