Швейцарияда Украина Даму конференциясы

Шмигал: "Соғыстан кейін елді қалпына келтіру үшін 750 миллиард доллар қажет".

1852028
Швейцарияда Украина Даму конференциясы

Украина премьер-министрі Денис Шмигал елінің соғыстан кейінгі дамуы үшін 750 миллиард доллар қажет екенін мәлімдеді.

Швейцарияның Лугано қаласында өткен Украина Даму конференциясында сөйлеген сөзінде Денис Шмигал Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарынан келген материалдық шығынға тоқталды.

Соғыс басталған 24 ақпан күнінен бері инфрақұрылымға келтірілген шығынның 100 миллиард долларға жеткенін білдірген Шмигал елін қайта құру үшін 3 сатылы даму жоспарының жүзеге асырылу керектігін атап көрсетті.

Бірінші сатыда халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін қалыпқа келтіру керектігін атап өткен Шмигал, екінші сатыда уақытша тұрғын үй, аурухана, мектеп құрылысының жоспарланғанын, үшінші сатыда болса елдің даму үдерісін бастауды болжанғанын айтты.

Аталмыш даму жоспары үшін 750 миллиард доллар қажет екенін атап көрсеткен премьер-министр Шмигал «Бұл жаңару жоспары үшін қаржыны кім төлейді?» деді.

Екінші жағынан конференцияда сөз алған Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың Украина үшін соғыстан кейінгі жараларын емдеу және ел экономикасын қалпына келтіру үшін арнайы платформа құрылатынын мәлімдеді.

Фон дер Ляйен соғыс басталған күннен бері ЕО-ның Украинаға 6,4 миллиард доллар қаржылай көмек көрсеткенін атап «Қосымша қаржылық қолдау жіберіледі. Орташа және ұзақ мерзімді қайта салу үдерісіне үлкен мән береміз» деді.

Украина Даму конференциясы бүгін (05.07.2022) аяқталады. Конференцияға Түркия атынан Сыртқы істер министрі орынбасары және Еуроодаққа жауапты төраға, Елші Фарук Каймакджы қатысады.



Ұқсас жаңалықтар