Италияда төтенше жағдай жарияланды

Министрлер кеңесі құрғақшылық ауыр болған 5 аймақта төтенше жағдай жариялады және дағдарыстан құтылу үшін 36.5 миллион еуролық қаржы бөлді.

1852132
Италияда төтенше жағдай жарияланды

Италияда үкімет құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен 5 аймақта төтенше жағдай жариялады.

Соңғы 70 жылдағы ең ауыр құрғақшылық дағдарысына тап болған елде премьер-министр Марио Драгидің төрағалығымен жиналған Министрлер кеңесі осы жағдайдан ең көп зардап шеккен 5 солтүстік өңірге қатысты бірқатар шешімдерге қол қойды.

Министрлер кеңесі Пьемонт, Ломбардия, Венето, Эмилия-Романья және Фриули-Венеция Джулия аймақтарында төтенше жағдай жариялап, дағдарыстан құтылу үшін 36.5 миллион еуролық қаржы бөлді.

Сарапшылардың айтуынша құрғақшылық дағдарысы бүкіл елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 30 пайызына қауіп төндіргенін және осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы саласына 3 миллиард еуроға жуық шығын әкелгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар