Ресей батысты айыптайды

Дмитрий Песков «Россия 1» телеарнасында жарияланған бір бағдарламаға қонақ болды.

1851750
Ресей батысты айыптайды

Ресей Украинамен арадағы соғыста тағы батысты айыптады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Россия 1» телеарнасында жарияланған бір бағдарламаға қонақ болды.

Дмитрий Песков батыс Украинаға соғысты ұзарту үшін қысым көрсетіп отыр деп мәлімдеді. “Батыстағылар бейбітшілік пен келіссөздерге мүдделі емес, олар соғысты ұзартуға тырысуда” деді ол.

Песков АҚШ-тың басшылығында украиндықтарға бейбітшілік туралы ойлауға және сөйлесуге рұқсат етілмегенін айтты.

Батыс көшбасшыларының соңғы мәлімдемелеріне қатысты сұраққа жауап берген Дмитрий Песков: «Қазір жағдайды бәсеңдету үшін бастамаларға сұраныс азайды. Бірақ ерте ме, кеш пе, парасаттылық жеңетініне күмәніміз жоқ. Тағы  келіссөздер жүргізудің уақыты келеді, бірақ оған дейін украиндықтар біздің барлық шарттарымызды тағы бір рет түсініп, олармен келісіп және біз көптеген жолдармен келіскен құжатты түзетуі керек» деді.

Ресей өкілі «Еуропалық көшбасшылар тек өз елдерінің мүддесін ғана ойлайды» деп мәлімдеді.

Басқа жақтан Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путиннің бүгін атап өтілетін АҚШ Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдамайтынын айтты.

Песков "Владимир Путин биылғы жылы құттықтау жібермейді. Себебі АҚШ-тың елімізге қатысты дұшпандық саясаты биыл шарықтау шегіне жетті. Сондықтан мұндай жағдайда құттықтау жолдауды орынды деп айтуға болмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар