Пәкістандағы жол апатында 19 кісі мерт болды

Премьер-министр Шахбаз Шариф апатта қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

1851226
Пәкістандағы жол апатында 19 кісі мерт болды

Пәкістанның Белуджистан аймағында жолаушылар автобусының аударылуы салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды.

Жергілікті баспасөздің хабарында Кетта қаласынан Равалпиндиге қарай беталған автобус белгісіз себептермен Ширани аймағындағы алқапқа құлағаны білдірілді.

Жол апатында кемінде 19 адам қаза тапты,12 адам жараланды.

Лауазымдылар автобуста 35 кісі болғанын және іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Премьер-министр Шахбаз Шариф апатта қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар