Орыс ғалымы Колкер дүниеден озды

Колкерге мемлекеттік құпияларды қамтитын деректерді Қытайға берді деп айып тағылған еді.

1851580
Орыс ғалымы Колкер дүниеден озды

Қытайға мемлекеттік құпияны қамтитын деректерді берді деген себеппен қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан ауруханада тергеуге алынған ресейлік ғалым Дмитрий Колкер қайтыс болды.

Физика-математика ғылымдарының докторы Дмитрий Колкер қатерлі ісіктің төртінші сатысында емделіп жатқан Ресейдің Новосибирск қаласындағы ауруханада тергеуге алынды.

Колкерге Қытайға мемлекеттік құпияларды қамтитын деректерді берді деп айып тағылды.

Орыс ғалымының отбасы Колкердің жағдайының нашарлап, қайтыс болғанын хабарлады.

54 жасар Дмитрий Колкер туралы 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы талап етілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар