Екі Корея бірін-бірі жазғыруда

Оңтүстік Кореяның Бірлік министрлігі вирусты Солтүстік Кореяға Оңтүстік Корея шекарасынан кірген әуе шарларының тарату мүмкіндігі жоқ екенін жариялады.

1850847
Екі Корея бірін-бірі жазғыруда

Солтүстік Корея елдегі коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індетінің Оңтүстік Корея шекарасынан келген әуе шарларынан басталғанын алға тартты.

Солтүстік Корея мемлекеттік медиасындағы хабарларда елдегі коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індетінің азаматтардың Оңтүстік Корея шекарасынан кірген «бөтен заттарға қол тигізуден басталғаны» алға тартылды.

Солтүстік Корея мемлекеттік медиасындағы хабарларда 18 жастағы бір әскер мен 5 жастағы бір баланың Оңтүстік Корея шекарасына жақын Ipho қаласында «бөтен заттармен» жұғысқаны, артынан Ковид-19 індетін жұқтырғаны анықталғаны білдірілді.

Індететен сақтану орталығы жариялаған «төтенше жағдай туралы бұйрығында» лауазымдыларға Оңтүстік Корея шекарасы бойынша бөтен заттарға көңіл бөлуі және  қайдан келгенін бақылауы тапсырылды.

«Бөтен заттар» нелер екені айтылмаған бұйрықта осындай нәрселерге кезіккен адамдардың лауазымдыларға хабар беруі керектігі де білдірілді.

Оңтүстік Кореяның Бірлік министрлігі вирусты Солтүстік Кореяға Оңтүстік Корея шекарасынан кірген әуе шарларының тарату мүмкіндігі жоқ екенін жариялады.

Бірлік министрлігінің баспасөз хатшысы Ча Дак Чул Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау қызметкерлері мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары материалдарды ұстаумен вирус жұғуының мүмкін емес екеніне келіскенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар