Зеленский Еуропа Одағы елдеріне үн қатты

Украина лидері «Путин диалог құрғысы келмейді, ол тек қарудың тілін түсінеді» деді.

1850621
Зеленский Еуропа Одағы елдеріне үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа Одағының Ресейге қарсы әзірлеген 7-ші санкция пакетіне тіпті көп қолдау көрсетілуі жайлы үндеу тастады.  

Владимир Зеленский Австрияның астанасы Венада өткен «4 Gamechager» фестиваліне қатысып, бейнеконференция арқылы баяндама жасады.

Зеленский сөзінде Ресейдің Қаратеңізді жабуы салдарынан дәнді дақылдардың Украинадан шетелге шығарылмағанын, осылайша Мәскеудің Африка мен Азияны кепілге алғанын айтты.

Зеленский егер Еуропа ашаршылық қаупіне қарсы әрекет етпесе, бұл күрделі босқын қозғалысына әкелетінін және осыған байланысты Ресей Еуропаны да кепілге алғанын айтты.

Батыс елдерінен талап еткен қару-жараққа тоқталған Украина лидері « (Ресей президенті Владимир) Путин диалог құрғысы келмейді, ол тек қарудың тілін түсінеді. Біз бұл қаруларды орыстардың басып алғысы келген аймақтарда  қолданамыз» деп көрсетті.

Зеленский «Мен барлық тақырыптарды адам сияқты келіссөз үстелінде шешуді ұсындым. Ол менімен келісімге барудың орнына қару-жарақ қолданды» деді.

Зеленский соғыстың Еуропа Одағы ішінде береке-бірліктің күшеюіне мүмкіндік жасағанын, сондай-ақ соғыстан кейін елінің де Еуропа Одағының бір мүшесі болатынын білдірді.

Фестивальге қатысқан Австрия президенті Александр Ван дер Беллен мен премьер-министр Карл Нехаммер де Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар