Зеленский Ресейді БҰҰ құқығынан айыруға шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) құқығынан айыруға шақырды.

1849467
Зеленский Ресейді БҰҰ құқығынан айыруға шақырды

Украина Ресейдің шабуылдарды күшейтіп, Кременчуктегі сауда орталығына шабуыл жасағаннан кейін  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін (БҰҚК) жиналысқа шақырды.

Соғыс басталғаннан осы таңға дейін екінші рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне үн қатқан Зеленский Мәскеудің сенбі күні Украинаны 62, жексенбі күні 26 зымыранмен атқылағанын айтты.

Зеленский сауда орталығына жасалған шабуылда  18 адамның қаза тапқанын еске салып, БҰҰ-мын тәуелсіз тергеуге шақырды.

Ресейді «террорлық мемлекет» деп айыптаған Зеленский халықаралық қауымдастықты Ресей террорлық әрекеттерін тоқтатқанға дейін БҰҰ жалпы кеңесі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі құқығынан айыруға шақырды.

Зеленский Ресейдің БҰҰ жалпы кеңесіне және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатыспауы керектігін айтты.

БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Розмари ДиКарло Украинада соғыс басталғаннан осы таңға дейін  4731 адамның қаза тапқанын хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар