Зеленский НАТО басшыларына үн қатты

Зеленский Ресейдің мақсаттары «белгілі» және «айқын» екенін атап көрсетті.

1849905
Зеленский НАТО басшыларына үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский Испания астанасы Мадридте басталған НАТО саммитінде көшбасшыларға үн қатты. «Ортақ қауіпсіздік кеңістігінде Украинаға орын табуыңыз керек»  деді ол.

Ресей тым агрессивті болып тұрған уақытта әлемге өте батыл альянс қажет екенін айтқан Зеленский Ресейдің мақсаттары «белгілі» және «айқын» екенін атап көрсетті.

Ресей басшылығының әлемді басқаша көретінін айтқан Зеленский: «Мысалы олар Литваны сіздердің альянсыңыздың мүшесі емес, Кеңес Одағының республикасы ретінде көреді./.../ Ресеймен көршілес әрбір елге де солай қарайды. Кезінде ықпалында болған әрбір мемлекет Мәскеу үшін сондай» деді ол.

Зеленский соғыс басталған 24 ақпаннан бері Украинаға қарсы 2800-ден астам зымыран ұшырылғанын және олардың басым көпшілігі бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын айтты. «Ресей армиясы мүмкіндігінше қалаларды көп адам тастап кетуі үшін бәрін жасайды»  деді ол.

Украинаның Финляндия мен Швецияның альянсқа қосылу шешімін құптайтынын атап өткен Зеленский Ресей бұл мемлекеттерге қарсы шара қолданбас бұрын бұл өте жақсы жасалғанын білдірді.

«Бұл Ресейдің Украинаға қарсы соғысы ғана емес, Еуропадағы жағдайды белгілеу құқығын алу үшін соғыс. Сондықтан Ресейдің соғысты қаржыландыру мүмкіндігін тоқтататын мұндай санкциялар, Украинаны қазір де қару-жарақпен, қаржылық және саяси жағынан қолдау өте қажет. Украинаға заманауи зымырандық және әуе қорғанысы қажет, сізде бұл жүйелер бар. Осыларды бізге беру арқылы сіз Ресейдің Украинаның қалаларын қирату және бейбіт тұрғындарын қорқыту тактикасын толығымен тоқтата аласыз» деді ол.

Зеленский «Шығыстағы барлық одақтастарымыз бен көршілеріміздің Украинаның НАТО-ға мүше болуын жақтауы кездейсоқтық па? Жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл логика. Қауіпсіздік кепілдігі қажет және Украинаға ортақ қауіпсіздік кеңістігінен орын табуыңыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар