Төрттік ортақ хаттама жарияланды

Испанияның астанасы Мадридте өткен төрттік саммитте Түркия қалағанына қол жеткізді.

1849423
Төрттік ортақ хаттама жарияланды

Президент Режеп Тайып Ердоған Финляндия президенті Саули Ниинисте, Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен төрттік кездесуде бас қосты.

Баспасөзге жабық өткен кездесуден кейін Түркия қалағанына қол жеткізіп, елеулі табыстарға қол жеткізді.

Түркия, Швеция және Финляндия арасындағы Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелік үдерістері туралы үштік меморандумға сыртқы істер министрлері қол қойды.

Ортақ хаттамада «Финляндия мен Швеция барлық террор ұйымдарының Түркияға қарсы жасаған шабуылдарын ашық және анық айыптайды. Финляндия мен Швеция PKK және басқа барлық террор ұйымдары мен байланысты тұлғалардың әрекеттеріне тосқауыл қоюды міндеттейді» деп көрсетілді.

Аталмыш үш елдің лаңкестік ұйымдардың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында ынтымақтастықтарын арттыруға шешім қабылдағаны айтылды. Финляндия мен Швецияның Түркия тарапынан берілген мәліметтер, дәлелдер және барлау мағлұматтары ескере отырып, лаңкестік күдіктілерді депортациялау немесе экстрадициялау өтініштерін тез арада жүзеге асырылатыны, сондай-ақ PKK және оның барлық қаржы жинау және қызметкер жалдау әрекеттеріне қатысты тергеуді бастап, тыйым салатыны атап өтілді.

Ортақ хаттамада Финляндия мен Швецияның болашақ НАТО одақтастары ретінде Түркиядағы PYD/YPG мен ФЕТО ретінде анықталған ұйымға қолдау көрсетпейтіні атап өтілді. Швецияның 1 шілдеден бастап жаңа және тіпті ықпалды бір «Террорлық қылмыстар туралы» заңын енгізетіні, ал үкіметтің терроризмге қарсы заңнамасына төрелік ететіні атап өтілді.

Ортақ хаттамада Түркия, Финляндия және Швецияның бұдан былай олардың арасында ұлттық қару эмбаргосының жоқ екенін растағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар