Ресей Канаданың 43 азаматының елге кіруін шектеді

Ресей Канаданың мамыр айында Ресей компанияларының лауазымдылары  мен отбасына санкция жасаған шешіміне қарымжы қайтарды.

1848832
Ресей Канаданың 43 азаматының елге кіруін шектеді

Ресей Сыртқы істер министрлігі Канаданың саяси лауазымдыларын қамтыған 43 азаматының елге кіруіне тыйым салынғанын хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Канаданың мамыр айында Ресей компанияларының лауазымдылары  мен отбасына санкция жасаған шешімі ескертілді.

Осыған қарымжы ретінде Канаданың саяси лауазымдыларын қамтыған 43 азаматының Ресейге кіруіне "ұзақ уақыттық" тыйым салынғаны білдірілген мәлімдемеде аталмыш кісілердің тізімі жарияланды.

Тізімде министрлік пен премьер-минситрлік лауазымдылары және билік басындағы Либерал партияның өкілдері, федералдық және аймақтық ұйымдардың басшылары, мектеп пен университет қызметкері мен саяси мамандар орын алды.

Канада әкімшілігінің Ресейге қарсы саясат атқарғаны білдірілген мәлімдемеде:

"Ресей тарапы Оттаваның дұшпандық әрекеттеріне қарсы сақтық шараларын сақтап қалады" деп көрсетілді.

Ресей 21 сәуірде АҚШ президентінің орынбасары Камала Харрис және Мета атқарушы директоры Марк Цукербергті қамтыған 29 америкалық пен 61 канадалықтың елге кіруін  шектеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар