О.Корея С.Кореяның ядро сынағынан алаңдап отыр

Солтүстік Корея осы жылдың басынан бері 17-ші рет зымырандық сынақ өткізді.

1848833
О.Корея С.Кореяның ядро сынағынан алаңдап отыр

Оңтүстік Кореяның Бірлесу министрі Квон Ён Се баспасөз жиналысында Солтүстік Корея өзінің ядролық қару бағдарламасымен Оңтүстік Кореяны нысанаға алуды жалғастырғанын білдірді.

Квон Ён Се Америка Құрама Штаттары (АҚШ) бастаған батыс елдері Ресейдің Украинаға басып кіруімен айналысып жатқан кезде Солтүстік Кореяның қару-жарақ жасауды жалғастырғанын және аймақтағы қазіргі жағдайды өзгерту үшін қолайлы ортаны пайдаланғанын мәлімдеді.

Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасында қасарсуының елі үшін "шұғыл және басты қауіп" екенін айтқан Квон Ён Се Оңтүстік Кореяның ядролық сынамаға қарсы қатаң шаралар дайындағанын хабарлады.

Квон Ён Се:

"Солтүстік Кореяның  бір уақытта әрі АҚШ-қа, әрі Оңтүстік Кореяға шабуыл жасау қабілетіне жетуге талпынғаны айқын байқалуда" деді.

Қытай мен Ресейді Солтүстік Кореяны ядролық сынақ жасамауға көндіруге шақырған Квон Ён Се:

"Жаһандық қауіпсіздік тұрақсыз кезеңде Солтүстік Корея ядролық сынақ жасауды жалғастырса, халықаралық қоғамның ауыр сынына дөп келеді және жауабы ауыз жүзінде қалмайды" деді.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 24 маусымда елінің қорғанын қуатын арттыруға және бетін қайтару күшін бекемдеуге бұйрық берген болатын. 

Пхеньян әкімшілігі соңғы рет 5 маусымда қысқа қашықтықтағы 8 баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.

Соңғы сынақпен Солтүстік Корея осы жылдың басынан бері 17-ші рет зымырандық сынақ өткізді.



Ұқсас жаңалықтар