Иорданияда улы газ апатында 12 адам қаза тапты

Акабе портында аударылған цистернаның жарылуы салдарынан 260 адам жарақат алды.

1848942
Иорданияда улы газ апатында 12 адам қаза тапты

Иорданияның Акабе портында жүк тиеу кезінде аударылған цистернаның жарылуы салдарынан ағып кеткен улы газдан 12 адам қаза тауып, 260 адам жарақат алды.

Иордания Ұлттық қауіпсіздік және дағдарыстарды басқару орталығы жасаған жазбаша мәлімдемеде Акабе портында улы газ тиелген цистернаның құлап, жарылуы салдарынан улы газ ағуы орын алғаны білдірілді.

Мәлімдемеде апат кезінде араларында иорданиялық және шетелдіктер бар 12 адамның қаза тауып, 260 адамның жарақат алғаны, 123 адамның ауруханаларда ем қабылдап жатқаны атап көрсетілді.

Порттағы газдың тарауының артынан азаматтық қорғаныс бөлімшесінің қауіпті жүк сарапшылары оқиға орнында қажетті тергеу жұмыстарын жүргізіп, жарылыс болған соң аумақтың эвакуацияланғаны мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар