Ресей Харьков қаласына әуе шабуылы жасады

Ресейдің әуе шабуылынан 2 адам қаза тапты.

1848586
Ресей Харьков қаласына әуе шабуылы жасады

Украинаның шығысындағы майдан желісінде орналасқан Харьков қаласы мен айналасына Ресей жасаған әуе шабуылынан 2 адам қаза тапты.

Елдің екінші үлкен қаласы Харьковке кеше кештен таң атқанға дейін жасаған әуе шабуылдары нәтижесінде қаланың инфрақұрылымына ауыр зақым келді.

Харьков тұрғындарының айтуынша соңғы күндері Ресей әуе күштерінің шабуылдары айтарлықтай артқан, қаланың әртүрлі аудандарында түн ортасында күшті жарылыстардың дыбысы естілді.

Украина мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі бас басқармасы Харьков аймақтық бөлімшесі жасаған жазбаша мәлімдемеде Ресей әуе күштерінің Харьковке жақын майдан желісіндегі Чугуйев қаласына жасаған шабуылда 2 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны және екі азаматтың жараланғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар