Мелильядағы оқиға жөнінде тергеу сұрады

Мұхаммед босқындарға қарсы асыра күш қолданудан да аулақ болуы керектігін айтты.

1848410
Мелильядағы оқиға жөнінде тергеу сұрады

Африка лигасы комиссиясының төрағасы Муса Факи Мұхаммед Мароккодан Испанияға өтуге тырысқан кезде қаза тапқан заңсыз босқындар оқиғасы жөнінде тергеу ашуға шақырды.

Мұхаммед көріністердің адамды есеңгіртетін деңгейде екенін білдірді. Ол көріністерге байланысты тергеу бастауға шақырды.  Барлық елдердің босқындарға байланысты халықаралық құқықтық жауапкершіліктерін орындауы және адам құқықтарын қорғауы керектігін атап көрсетті.  Мұхаммед босқындарға қарсы асыра күш қолданудан да аулақ болуы керектігін айтты. «Африкалық босқындардың Мароккодан Испанияға өтуге тырысқан кезде бастарына келген оқиға адамды есеңгіртеді» деді ол.

Мелильядағы шекарада 24 маусым күні болған оқиғада Марокко жағындағы 1500 босқын ұзындығы 10 метр тікенді сым тұрған шекара желісіне ағылды. Марокко полициясы мен Испания органдары заңсыз босқындарды ұйымдасқан түрде қауіпсіздік күштеріне шабуылдады деп айыптады.

Марокко үкіметі 18 босқынның өлгенін, 100-ден аса адамның жарақат алғанын,  арасында Марокко полиция қызметкерлері де бар екенін хабарлаған еді.

Испаниядағы азаматтық қоғамдық ұйым осы оқиғада 37 адамның қаза тапқанын білдірген болатын.

133 босқынның Мелильяға өтіп, Испания жағында да жаралылар бар екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар