Маймыл шешегі індет пе?

ДДСҰ маймыл шешегі вирусын жаһандық індет деп жариялап жарияламау тақырыбын талқылау мақсатында жиналды.

1847814
Маймыл шешегі індет пе?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ДДСҰ маймыл шешегі вирусын жаһандық індет деп жариялап жарияламау тақырыбын талқылау мақсатында жиналды.

Ұйымның хабарлауынша, ДДСҰ Жедел жағдай комитеті маймыл шешегі ауруын Халықаралық Халық денсаулығы төтенше жағдайы категориясында қолға алу тақырыбындағы кеңесін ДДСҰ басшылығына тапсырады.

Жиналыстан кейін баспасөзге мәлімет берген ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазірге дейін вирустың Африканы да қосқанда 48 елде 3200-ден астам дерегінің тіркелгенін, 2022 жылдың басынан бері Орталық Африкада 70 адамның қайтыс болғанын білдірді.  Гебрейесус Нигериядағы маймыл шешегі деректерінің көбінің әйелдерде анықталғанын айтты.

Маймыл шешегінің эндемикалық емес көптеген елде бірінші рет кездескенін еске салған Гебрейесус осы аурудың қалай тарағанын білудің өте маңызды екенін білдірді.

ДДСҰ Жедел жағдай комитеті маймыл шешігінің қауіп деңгейін қолға алу мақсатында алдағы күндері қайта бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар