"Ереуіл қажет емес" деді

Ол жалақыны арттыру жөнінде келісімге келуге шақырды.

1847598
"Ереуіл қажет емес" деді

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон теміржол және метро қызметкерлерінің соңғы 30 жылдағы ең ірі ереуілін «қажет емес» және «қорқынышты пікір» деп атады.  Ол жалақыны арттыру жөнінде келісімге келуге шақырды.

Борис Джонсон Ұлттар Достастығының үкімет басшылары жиналысы үшін Руандаға барып, сол жерде ереуіл жөнінде айтты. «Осы ереуілдердің қажет емес екенін еске салу маңызды деп ойлаймын.  Менің ойымша адамдар үстелде отырып шешуі керек» деді ол.

Джонсон кәсіподақ және теміржолы мекемесін жалақыны арттыру жөнінде келісімге келуге шақырды.

Ұлбыританияда Теміржолы, теңіз жолы және транспорт кәсіподағының қатынаста үлкен проблема туғызған ереуілі екінші күн де жалғасты. Кәсіподақ 7 пайыз арттыруды сұрайды,  ал үкімет үш пайыз ұсынып отыр.

Соңғы 30 жылдың ең ірі ереуілі болып табылатын осы ереуілдің 21-23 және 25 маусым күні өткізілетіні жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар