АҚШ-тың зымыран жүйелері Украинаға жетті

АҚШ Украинаға 450 миллион долларлық жаңа бір жәрдем пакетін береді.

1847689
АҚШ-тың зымыран жүйелері Украинаға жетті

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Америка Құрама Штаттарының жіберген Жоғары өнімді артиллериялық зымыран жүйелерінің еліне жеткенін хабарлады.

Алексей Резников Twitter-дегі парақшасында «Жоғары өнімді артиллериялық зымыран жүйелері Украинаға жетті. Сондықтан әріптесім және досым АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остинге алғыс айтамын. Биыл жазда үлкен соғыс болады» деген сөздер қолданды.

АҚШ президенті Джо Байден 1 маусымда Украинаға жетілдірілген зымыран жүйелері де қамтылған 700 миллион долларлық жаңа әскери пакетті бекіткенін жариялаған еді. Аталмыш пакет Жоғары өнімді артиллериялық зымыран жүйелерін де қамтуда.

Жоғары өнімді артиллериялық зымыран жүйелерінің орыс армиясына қатты соққы беретіні білдірілуде.

Осы барыста АҚШ Украинаға Жоғары өнімді артиллериялық зымыран жүйелері де қамтылған 450 миллион долларлық жаңа қорғаныс жәрдем беретіндерін мәлімдеді.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби күнделікті баспасөз брифингінде «АҚШ бүгін Украинаға демократиясын қорғау үшін берген уәде аясында 450 миллион долларлық жаңа бір жәрдем пакетін береді» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар