Ұлыбритания Ресейге шектемелерді арттырды

Ресейге бірқатар өнімдер мен технологияларды,  авиация жанармайын, жанармай қоспаларын, стерлин немесе Еуропа Одағы банкноттарын экспорттауға тыйым салынғаны білдірілді.

1847451
Ұлыбритания Ресейге шектемелерді арттырды

Ұлыбритания Ресейге әртүрлі өнімдер мен технологияларды экспорттаумен бірге авиация жанармайы мен кейбір банкноттарды экспорттауға жаңа сауда санкцияларын салу шешімін қабылдады.

Халықаралық Сауда министрлігінің сайтында экспорттаушыларға арналған хабарламада Ресейге бірқатар өнімдер мен технологияларды,  авиация жанармайын, жанармай қоспаларын, стерлин немесе Еуропа Одағы банкноттарын экспорттауға тыйым салынғаны білдірілді.

Темір мен болат импортына техникалық көмек, қаржылық қызметтер, қаржылар мен бітімгерлік қызмет көрсетуге байланысты жаңа тыйымдар бар екені де хабарланды.

Шектемелердің кейбіреулері Ресей мен Украина үкіметтерінің бақылауынан тыс аймақтарға байланысты екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар