Ресей Украинаның соңғы әскери шығындарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1847478
Ресей Украинаның соңғы әскери шығындарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинада осы уақытқа дейін 211 әскери ұшақ, 132 тікұшақ, 3 мың 750 танк пен броньды техниканың жойылғанын білдірді.

Конашенков 24 ақпан күні Украинада басталған соғыста Ресей армиясының әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Украина армиясының ауыр шығынға ұшырауын жалғастырғанын алға тартқан Конашенков Украина қарулы күштерінің 57-ші мотоатқыштар бригадасы мен 34-ші батальоны сарбаздарының Мирная Долина елді мекені маңындағы Луганск аймағында жеңіліске ұшырағанын, екі күнде 150-ден астам сарбаздың қаза тауып, 450-ден астам әскердің жарақат алғанын мәлімдеді.

Украинаның 30-шы механикаландырылған бригада бөлімшелерінің жартысының Донецктің Клиновое елді мекенінде жойылғанын білдірген Конашенков 170-тен астам сарбаз мен офицердің майданнан ауыр жаралы күйде шығарылғанын атап көрсетті.

Ресей Әуе-ғарыш күштерінің жоғары дәлдіктегі зымырандармен Николаев аймағында 49 жанармай қоймасы мен ангарларда шетелдік өндіріске қоса 50 шақты көп ұңғылы зымыран тасығышты жойғанын білдірген Конашенков сол аймақтағы 3 бронды көлік жөндеу базасын да жермен-жексен қылғандарын түсіндірді

Ресей әуе-тактикалық бөлімшелерінің Харьков облысындағы Константиновка маңындағы 96 әскери аймақ пен майдан радар орындарын атқанын хабарлаған Конашенков зымыран және артиллериялық бөлімшелердің 364 аймақты атқылағанын Кубанский аралында 155 мл. калибрлі М-777 гаубицасын жойғанын айтты.

Әуе күштері зымыран және артиллерия бөлімшелерінің шабуылдарында 650-ден астам Украина ұлтшыл күші сарбазының залалсыздандырылғанын атап көрсеткен Конашенков Херсон, Харьков, Донецк және Луганск облыстарында соның ішінде Жылан аралының әртүрлі жерінде 21 украин пилотсыз әуе көлігін атып түсіргенін хабарлады.

Конашенков «211 әскери ұшақ, 132 тікұшақ, 1 мың 329 пилотсыз әуе көлігі, 349 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, 3 мың 750 танк пен броньды көлік, 647 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 2 мың 88 гаубица мен миномет, 3 мың 818 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар