Ауғанстанда солтүстік шығысында жаңа жер сілкінісі тіркелді

Ауғанстан Ұлттық сейсмологиялық орталығы мәлімдеме жасады.

1847377
Ауғанстанда солтүстік шығысында жаңа жер сілкінісі тіркелді

Ауғанстанның солтүстік шығысындағы Бадахшан уәлаятының орталығы Фейзабад қаласында магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі болды.

Ауғанстан Ұлттық сейсмологиялық орталықтың мәліметінше кешегі жер сілкінісінен кейін Ауғанстанның Фейзабад қаласында 4,3 балдық жаңа жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің 220 шақырым тереңдікте тіркелгенін және оның эпицентрінің Бадахшан уәлаятына қарасты Джурм ауылынан оңтүстік батысқа қарай 48 шақырым жерде болғанын хабарлады.

Пактика уәлаятында кеше болған 5,9 балдық жер сілкінісінде мыңнан астам адам қаза тауып, 1500 адам жарақат алған еді.

Лауазымдылар Пактика уәлаятының Гиян ауданы мен Хост қаласының Спирей ауданы жер сілкінісінен қатты зардап шеккенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар