Израильде Мәжілісті тарату заңы мақұлданды

Колалиция ортақтарының шешіміне сай ерте сайлауға дейін Сыртқы істер министрі Яир Лапид уақытша премьер-министрлік міндетін атқарады.

1846947
Израильде Мәжілісті тарату заңы мақұлданды

Израиль депутаттары қазан айында мерзімінен бұрын сайлау өткізу мақсатымен бүгін өткен дайындық отырысында Мәжілісті таратуды қамтитын заң жобасын мақұлдады.

Дауыс беруде 110 депутат Мәжілісті тарды қолдады, қарсы дауыс шықпады.

Израильдің Қоғамдық хабар тарату корпорациясы (KAN) үш отырыспен мақұлданатын Мәжілісті таратуға байланысты шараның 27 маусым дүйсенбі күні аяқталатынын білдірді.

Израильдегі коалициялық үкіметтің серіктестерінің бірі премьер-министр Нафтали Беннетт пен Сыртқы істер министрі Яир Лапид 20 маусымда Мәжілісті таратып, ерте сайлауға шешім қабылдағандарын жариялаған болатын.

Израиль келер апта Мәжіліс отырысында шешім мақұлданғаннан кейін 3.5 жылда бесінші мәрте жалпы сайлау өткізеді.

Колалиция ортақтарының шешіміне сай ерте сайлауға дейін Сыртқы істер министрі Яир Лапид уақытша премьер-министрлік міндетін атқарады.



Ұқсас жаңалықтар