Ұлыбританияда ереуіл

Қатынаста қиыншылықтар болып жатыр.

1846360
Ұлыбританияда ереуіл

Ұлыбританияда Теміржолы, теңіз жолы және транспорт (RMT) кәсіподағы бастаған ереуіл себебімен қатынаста қиыншылықтар туындады.

Ереуілге байланысты пойыздардың бестен бірі жүріп тұр. Желілердің тек негізгі бағыттары ашық. Пойыздар тек жергілікті уақытпен сағат 07.30-18.30 арасында жұмыс істеп тұр.

Ұлыбританиямен қоса Шотландия және Уэльсте де көптеген пойыз тоқтап тұр.

«Euston», «Waterloo» және  «London Bridge» секілді әдетте адам көп болатын станциялар босап қалды.

Лондонда да метро рейстері істемей тұр. Жолаушылардың көбі автобус күтіп, ұзын сонар кезекте күтіп тұр.

Бұл соңғы 30 жылдың ең үлкен ереуілі деп есептелді.  Оған 40 мыңнан астам жұмысшы қатысуда.

Кәсіподақ артып отырған инфляцияға байланысты жалақының 7 пайыз артуын сұрайды, ал үкімет 3 пайыз беріп отыр.

 

Транспорт министрі «BBC» арнасына берген сұхбатында жедел жағдай кабинетінің ереуіл тақырыбында жиналатынын айтты.

Елде бейсенбі және жұмы күндері де ереуіл болады деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар