Ливанда алғашқы маймыл шешегі оқиғасы анықталды
Маймыл шешегі вирусын жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтырап, ауырады.
1845773
Ливан Денсаулық сақтау министрлігі елде анықталған алғашқы маймыл шешегі оқиғасы жайлы қысқаша мәлімдеме жариялады.
Мәлімдемеде шетелдік бір әйелде маймыл шешегі вирусының болғаны және әйелдің дәрігердің бақылауында карантинге алынғаны білдірілді.
Мәлімдемеде аурудың қайсы елге барғаны жайлы мағлұмат берілмеді.
Маймыл шешегі вирусын жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтырап, ауырады. Дерт ушықса, адамның денесі мен беті бөртіп кетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.