Альбарес НАТО Саммиті туралы мәлімдеме жасады

«Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру мүмкіндігі Мадрид саммитінің басты тақырыбы болмақ»

1845293
Альбарес НАТО Саммиті туралы мәлімдеме жасады

Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес 28-30 маусым күні Мадридте өтетін НАТО саммитінің негізгі тақырыбының Финляндия мен Швецияның одаққа қосылу өтініші болатынын мәлімдеді.

Альбарес Мадридте партиясының (Социалистік жұмыс партиясы) іс-шарасында айтқан сөзінде «Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру мүмкіндігі Мадрид саммитінің басты тақырыбы болмақ» деді.

Альбарес саммиттің «НАТО мен Еуропаның қауіпсіздігі үшін мвңыщды бір кезеңнің жүзеге асатынын» атап, Ресейдің Украинаға басып кіруінен туындаған қиын кезең мен қорқытуларды бастан өткердік деп мәлімдеді.

Испания Сыртқы істер министрі 40 елдің мемлекет немесе үкімет басшыларынын Мадридке жиналатынын, үлкен бір логистикалық қиыншылық бар екенін, мұндай бір ортада мұндай саммитті кез келген елдің ұйымдастыра алмайтынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар