Словакия Украинаға 5 тікұшақ пен мың зымыран берді

Словакия МИ сериялы 5 жауынгерлік тікұшақ және олармен үйлесімді 1000 зымыран Украина армиясына қауіпсіз түрде тапсырылғанын білдірді.

1844607
Словакия Украинаға 5 тікұшақ пен мың зымыран берді

Словакияның Қорғаныс министрі Ярослав Над Украинаға Кеңестер Одағы кезінде жасалған МИ сериялы 5 жауынгерлік тікұшақ және олармен үйлесімді 1000 зымыран сыйға тартылғанын хабарлады.

Ярослав Над әлеуметтік желі Твиттерден бөліскен мәлімдемесінде МИ сериялы 5 жауынгерлік тікұшақ және олармен үйлесімді 1000 зымыран Украина армиясына қауіпсіз түрде тапсырылғанын білдірді.

Министр Ярослав Над демократиялық елдердің Ресейдің шабуылына қарсы Украинаны қолдауы керектігін айтты.

Украинаға осының алдында да түрліше қару-жарақ жәрдемін берген Словакия Киев әкімшілігіне сонымен қатар S 300 әуе қорғаныс жүйесін де сыйға тартты.

Орыс армиясы 24 ақпанда Украинаға с оғыс бастады.



Ұқсас жаңалықтар