Швеция Түркиямен диалогты жалғастырғысы келеді

Андерссон "Түркиямен диалогты жалғастыруды сабырсыздықпен күтемін" деді.

1843423
Швеция Түркиямен диалогты жалғастырғысы келеді

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон елінің НАТО мүшелігі процесінде мәселе шешілгенге дейін Түркиямен диалогты жалғастыруды сабырсыздықпен күткенін айтты.

Магдалена Андерссон Финляндия премьер-министрі Санна Марин және Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере Швецияның Седертелье қаласында бас қосып, күн тәртіптегі тақырыптарды қолға алды. 

Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Андерссон Түркия мен Швеция арасындағы НАТО келіссөздеріне тоқталды.

НАТО мүшелігі процесінде жұмыстарын жалғастырғанын баяндаған  Андерссон "Финляндиямен бірге жұмыс істеудеміз. Мәселе шешілгенге дейін Түркиямен диалогты жалғастыруды сабырсыздықпен күтемін" деген сөздер қолданды. 

Марин де Испанияның астанасы Мадридте осы айдың аяғында өткізілетін НАТО саммиті қарсаңында бір шешімге жетудің маңызды екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар