Ресей Украинаға тиесілі әскери шығындарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1842385
Ресей Украинаға тиесілі әскери шығындарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинаға тиесілі 201 әскери ұшақ, 130 тікұшақ, 3 мың 525 танк пен броньды техниканың жойғанын білдірді.

Конашенков Ресей армиясының Украинада 24 ақпан күні басталған соғыстағы қимыл-әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Ресей армиясының Украинадағы шабуылының жалғасып жатқанын білдірген Конашенков әуеден жоғары дәлдіктегі зымыранмен Донецк аймағындағы Удачное теміржол вокзалы маңында украин ұлтшыл күштеріне АҚШ пен Еуропа елдерінен жеткізілген қару-жарақ пен әскери техниканың жойылғанын атап көрсетті.

Конашенков Луганск аймағында шетелдік жалдамалы жауынгерлерді тарату пункті мен Харьков пен Луганск облыстарында 2 көп ұңғылы зымыран тасығыштың да жойылғанын мәлімдеді.

Ресейлік әуе соғысы тактикалық бөлімшелерінің Луганск аймағындағы Лисичанск қаласында орналасқан басқару орталығы мен «Бук-М1» әуе қорғаныс зымыран жүйесі радиостанциясына соққы бергенін атап көрсеткен Конашенков әскери бөлімдер мен техникалық көліктер жиналған 63 аймақтың жойылғанын тілге тиек етті.

Конашенков бұл шабуылдар нәтижесінде 120 адамнан астам украиндық сарбаз, 2 танк, 7 гаубица және 11 әскери техниканың залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Ресейдің әуе қорғаныс жүйелерінің бір күнде 8 украин пилотсыз әуе көлігін түсіргенін атап көрсеткен Конашенков артиллериялық және зымырандық бөлімшелердің 247 әскери аймақты атқылағанын білдірді.

Конашенков «Осы уақытқа дейін Украинаға тиесілі 201 әскери ұшақ, 130 тікұшақ, 1 мың 196 пилотсыз әуе көлігі, 338 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 3 мың 525 танк пен броньды техника, 515 көп ұңғылы зымыран, 1 мың 933 гаубица мен миномет, 3 мың 583 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар