Ллойд Остин Тайландқа барды

Тайланд премьер-министрі Прают Чан-Очаның Ллойд Остинмен АҚШ-тың F-35 соғыс ұшақтарын қамтыған қарумен қамдауы тақырыбын кеңескені білдірілді.

1842415
Ллойд Остин Тайландқа барды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остин Тайланд премьер-министрі Прают Чан-Очамен аймақтық одақтастықты нығайтуды талқылады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Ллойд Остиннің Тайланд астанасы Бангокке сапары АҚШ-Тайланд әскери одақтастығын бекемдеу мен кеңейту тұрғысынан маңызды екені білдірілді.

Тайланд баспасөзінің хабарларында премьер-министр Прают Чан-Очаның Ллойд Остинмен АҚШ-тың F-35 соғыс ұшақтарын қамтыған қарумен қамдауы тақырыбын кеңескені білдірілді.

Хабарларда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің Тайланд кездесулері Қытайдың аймақта артқан әсеріне қарсы күш тепе-теңдігін қалыптастыруы тұрғысынан маңызды екені жарияланды.

10-12 маусымда Ұлыбритания астанасы Лондондағы Халықаралық Стратегиялық зерттеулер институты (IISS) Сингапурда 19-шы «Шангри-Ла диалог форумын»  ұйымдастырды.

40-тан астам елдің сыртқы істер министрлері мен жоғары өрелі лауазымдылары қатысқан, жаһандық және аймақтық қорғаныс тақырыптары қолға алынған форумға АҚШ-Қытай бәсекесі таңба басты.



Ұқсас жаңалықтар