Болгарияда екі министр отставкаға кетті

Болгария Сыртқы істер министрі Теодора Генчовска мен Энергетика министрі Николов Александр отставкаға кетті.

1842442
Болгарияда екі министр отставкаға кетті

Болгария мемлекеттік ақпарат агенттігіне қарағанда Сыртқы істер министрі Генчовска премьер-министр Кирил Петковке отставкаға кету туралы өтінішін ұсынды.

Генчовска отставкаға кетуін себебі ретінде өзі мүше болған «Осындай бір халық бар» партиясының коалициялық үкіметтің құрамынан шығуын көрсетті.

Генчовска орнына жаңа министр тағайындалғанға дейін министрлік міндетін жалғастырады.

Энергетика министрі Николов бүгін бірдей себеппен қызметінен кетті.

«Осындай бір халық бар» партиясы 8 маусым күні төрттік коалициялық үкіметтен шығатынын мәлімдеген болатын.

Премьер-министр Петков аталмыш партия төрттік коалициядан шықса да азшылық үкіметпен жұмысты жалғастыратындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар