Moderna вакцинасы Омикронға әсерлі болды

Ковид-19) вакцинасының Омикрон штаммына қарсы иммундық жүйені одан әрі күшейтетіні білдірілді.

1840491
Moderna вакцинасы Омикронға әсерлі болды

Америка Құрама Штаттарының Moderna фармацевтикалық компаниясы жетілдірген жаңа типті коронавирус (Ковид-19) вакцинасының Омикрон штаммына қарсы иммундық жүйені одан әрі күшейтетіні туралы хабарлады.

Moderna фармацевтикалық компаниясысының мәлімдемесінде Moderna-ның коронавирусқа қарсы алғаш рет өндірілген вакцинасы мен Омикрон штаммына қарсы жетілдірген жаңа вакцинасын бірлестіру арқылы сынама жасалғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде mRNA-1273.214 атты вакцинаның Омикрон штаммына қарсы алғаш рет өндірілген түпнұсқа Модерна вакцинасына қарағанда күшті антидене реакциясын тудыратыны байқалғанын хабарлады.

Ос вакцинаның күзде Ковид-19 індетіне қарсы басты қорғаушы компонент болуы жобаланғаны және зерттеуде қолға келген нәтижелер мен анализдердің мемлекеттік ұйымдарға ұсынылатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар