Ципрас Түркия жайлы мәлімдеме жасады

Алексис Ципрас "Екі елдің достығы мен диалогы өте маңызды" деді.

1840244
Ципрас Түркия жайлы мәлімдеме жасады

Грекияда басты оппозиция лидері Алексис Ципрас Сими аралына барды. Ципрас Сими аралында журналисттерге мәлімдеме жасады. 

Алексис Ципрас Сими аралында журналисттерге мәлімдеме жасады. Ципрас Грекия халқының егемендік және тәуелсіздік құқықтарын қорғау үшін береке-бірлік ішінде екенін түсіндіріп "Шиеленістің артуына бір себеп жоқ. Әсіресе Эгейде қазір екі тарап та тұрақтылық және бейбітшілікке мұқтаж . Екі елдің достығы мен диалогы өте маңызды" деген сөздер қолданды. 

Екі халық арасында келісе алмайтын бір мәселенің болмағанын білдірген Ципрас "Көрші елдің диалог мен бейбітшілігін әрқашан қолдаған демократиялық азаматтық ұйымдарына үн қатудамын. Бұл тырысшаңдықтарды жалғастыру керек. Дағдарыс ешкімге пайда әкелмейді" деп көрсетті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар