Себебі жұмбақ гепатит деректері артты

Осы вирустан он бала қайтыс болды.

1840398
Себебі жұмбақ гепатит деректері артты

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Англияда пайда болған және кейіннен көптеген елде байқалған шығу тегі белгісіз гепатит вирусын жұқтырған балалардың саны кемінде 700-ге дейін өскенін және 10 баланың вирустан қайтыс болғанын хабарлады.

ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында жұмбақ гепатит жағдайлары туралы соңғы жаңалықтармен бөлісті.

Гебрейесус осы уақытқа дейін 34 елден келген 700 гепатит ауруы дерегінің расталғанын және 112 жағдай бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Вирус жұқтырған кем дегенде 38 баланың бауыр трансплантациясы жасауға мәжбүр болғанын айтқан Гебрейесус 10 баланың қайтыс болғанын атап өтті.

Гебрейесус ДДСҰ-на мүше елдермен бірлесе отырып, вирустың көзін зерттеуді жалғастырып жатқандарын мәлімдеді.

Себебі белгісіз сарғаю, диарея, құсу және іштің ауыруы сияқты белгілері бар жұмбақ гепатит 1 айдан 16 жасқа дейінгі балаларда байқалады.



Ұқсас жаңалықтар