Швецияда тышқанда коронавирустың жаңа түрі анықталды

Аталмыш тышқандардың геморрагиялық қызбаны тудыратын Пуумала вирусының тасымалдаушылары екені белгілі.

1838613
Швецияда тышқанда коронавирустың жаңа түрі анықталды

Швецияда қызыл арқалы тышқандардан (Myodes glareolus) коронавирустың жаңа түрі табылды.

Уппсала университетінің вирусологы Аке Лундквист «Гримсо вирусы» деп аталатын вирус түрінің халықтың денсаулығына қандай қауіптер төндіретіні әлі анықталмағанын айтты.

Аке Лундквист кеміргіштер арасында коронавирустың таралуын бақылау қажет екенін атап өтті.

Аталмыш тышқандардың геморрагиялық қызбаны тудыратын Пуумала вирусының тасымалдаушылары екені белгілі.

Бұл тышқандар ауа райының қолайсыз жағдайында адамдар тұратын жерлерге келгендіктен вирустардың таралу қаупін арттырады.



Ұқсас жаңалықтар