Жозеп Боррель Ресейді сынға тартты
Жозеп Боррель "Ресей халықаралық дәнді дақылдар саудасындағы тапшылықтың тікелей жауапкері" деді.
Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель халықаралық саудада дәнді дақылдардың тапшы болуына Ресейдің себепкер болғанын айтты.
Жозеп Боррель Twitter-дегі парақшасында Еуропа Одағының Ресейге қарсы санкциялардың бұл елдің соғыс күшін әлсіретуді көздегенін, дәнді дақылдардың қамтылмағанын білдірді.
Боррель "Ресей Украинаның порттарын басып алды. Украина жүгері және бидай сынды дәнді дақылдарын шетелге шығара алмады, Укриана экспорты тосылды. Ресей халықаралық дәнді дақылдар саудасындағы тапшылықтың тікелей жауапкері" деген сөздер қолданды.
Жозеп Боррель соғыстан туынданған қиыншылықтарды шешу үшін әлемнің әр жеріндегі елдермен селбесе отырып жұмыс істейтіндерін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.