Францияда маймыл шешегімен ауырғандар саны 16-ға жетті

Лауазымдылар 16 науқастың 12-сінің бас қала Париждің Иль-де-Франс аймағында тіркелгенін мәлімдеді.

1834524
Францияда маймыл шешегімен ауырғандар саны 16-ға жетті

Денсаулық сақтау жоғары кеңесі таратқан соңғы мәліметтерге қарағанда елде "маймыл шешегі" вирусының 16 адамға жұққаны анықталды. Лауазымдылар оның 12-сінің бас қала Париждің Иль-де-Франс аймағында тіркелгенін білдірді.

Эндемиялық вирус тудыратын сирек кездесетін аурулардың бірі ретінде белгілі "маймыл шешегі" (monkeypox) Конго және Батыс Африка түрлері болып екіге бөлінеді.

Вирустың Конго штаммының өлім қаупі 10 пайызға дейін жететіні белгілі, ал Батыс Африка штаммы әрбір 2 оқиғаның бірінде 1 пайыздық өлімге жол ашады.

Әдетте жануардан адамға және сирек болса да адамнан адамға жұғатын вирус дене қызуының көтерілуі және денеде қышынған көпіршіктерге себеп болады.



Ұқсас жаңалықтар