Путин Макрон және Шольцпен дақыл экспортын сөйлесті

Путин еліне қарсы бағытталған санкциялар жойылмайынша дақыл экспорты жасалмайтынын мәлімдеді.

1834111
Путин Макрон және Шольцпен дақыл экспортын сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин еліне қарсы санкциялар жойылса, астықты экспорттауға дайын екендерін мәлімдеді. 

Кремльдің мәлімдемесіне қарағанда Путин Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольцпен телефон әңгімесінде Украинадағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. 

Путин Украинадағы «арнайы әскери операцияға» қатысты соңғы оқиғалар туралы ақпарат бергенде «Киевтің кінәсінен» тоқтап, қалған келіссөздерді қайта бастауға ашық екенін атап көрсетті. 

Батыстың Украинаға жалғастырғаны қару-жарақ тасымалдауының қауіпті екеніне назар аударған Владимир Путин осы тұрғыда жағдайдың одан да тұрақсызданып, гуманитарлық дағдарыстың күшейетінін мәлімдеді. 

Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланыста жағдайдың да жан-жақты талқыланған жиында Путин батыстық елдердің дұрыс емес экономикалық және қаржылық саясатына қоса жүзеге асырған Ресейге қарсы санкциялардың салдарынан азық-түлікпен қамтамасыз етудегі қиындықтардың нақты себептерін нақты деректерге сүйене отырып түсіндірді. 

Орыс басшы «Ресей өз атынан Қаратеңіз порттынан Украинаның дақылдарының экспортына қоса кедергісіз азық-түлік экспорты үшін мүмкіншіліктер табуға көмектесуге дайын. Ресейлік тыңайтқыштар мен ауылшаруашылық өнімдерінде сұраныс көлемінің артуы да әлемдік азық-түлік нарығындағы дағдарыстың азаюына да көмектеседі және тиісті санкциялық шектеулердің жойылуын талап етеді» деді. 



Ұқсас жаңалықтар