АҚШ Мысырға әскери-көліктік тікұшағын сатуға рұқсат берді

АҚШ Қорғаныс қауіпсіздік ынтымақтастық агенттігі сатылатын тікұшақтардың 2,6 миллиард долларды құрағанын білдірді.

1833430
АҚШ Мысырға әскери-көліктік тікұшағын сатуға рұқсат берді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мысырға 2,6 миллиард доллар тұратын Боеинг-Вертол ЦҺ-47F «Цһиноок» деп аталатын қос винтті әскери-көліктік тікұшағын сатуға рұқсат берді.

АҚШ Қорғаныс қауіпсіздік ынтымақтастық агенттігінің жазбаша мәлімдемесінде «Сыртқы істер министрлігі Мысырға шамамен құны 2,6 миллиард доллар болатын CH-47F әскери-көліктік тікұшағы мен тиісті құрал-жабдықтарды сатуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады» делінген.

Конгреске сатуды мақұлданғаны жөнінде хабарлама жіберілгені атап көрсетілген мәлімдемеде сатылым пакетінде 23 дана ЦҺ-47 әскери-көліктік тікұшағы, 56 қосалқы қозғалтқыш және тиісті жабдықтардың орын алғаны білдірілді.

Агенттік жасаған екі қосымша мәлімдемесінде болса Австралияға болжамды құны 385 миллион долларды құрайтын 20 дана HMARS зымырандық жүйесінің саудасына және Голландияға болса құны 117 миллион доллар болған AIM-9X Block II зымырандары мен тиісті жабдықтардың саудасына рұқсат бергені тап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар