Гебрейесус қайта сайланды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Гебрейесус міндетіне екінші мәрте сайланды.

1832191
Гебрейесус қайта сайланды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус міндетіне екінші мәрте сайланды.

БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде болған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 75-ші жиынында бас директор үшін сайлау өткізілді.

Жиында Гебрейесустан басқа кандидат болмағандықтан ассамблея оны екінші мәрте осы міндетке сайлады.

Ант бергеннен кейін Гебрейесус ұйымның барлық аймақтарына өзін кандидат қылып көрсеткендеріне ризашылығын білдірді. Ол міндеті барысында әлемді шайқаған коронавирус індетін «теңдесі кездеспеген» пандемия деп сипаттады. «Осыдан кейінгі індеттермен күресуіміз үшін ДДСҰ медицина жүйелеріне қолдау беріп,  халықаралық медициналық кепілдік жобасы және төтенше жағдайға дайындық жоспарын іске асыруы қажет» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар