АҚШ-тан Түркия мен Грекияға шақыру

АҚШ Түркия мен Грекияның келіспеушіліктерді дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

1832246
АҚШ-тан Түркия мен Грекияға шақыру

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс Түркия мен Грекияның аймақтық келіспеушіліктерді дипломатиялық жолмен шешу және аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін бірге жұмыс істегенін көргілері келетінін айтты.

Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында Грекия мен Түркия арасындағы күн тәртіпке қатысты мәлімдеме жасады. Баспасөз хатшысы «Грекия мен Түркиядан бастап, НАТО-дағы одақтастарымызды аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және келіспеушіліктерді дипломатиялық жолмен шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге ынталандыруды жалғастырамыз» деді.

Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакистің өткен аптада бас қала Вашингтонға барғанын еске салған Прайс «Грекияның Америка Құрама Штаттары үшін маңызды серіктес және НАТО-ның маңызды одақтасы екенін білеміз. Сол сияқты Түркия да АҚШ-тың маңызды серіктесі және НАТО-ның маңызды одақтасы. Біз әріптестеріміздің аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін бірге жұмыс істегенін көргіміз келеді» деді.

Түркияның Швеция мен Финляндияда бөлшектеуші террор ұйымының болмысы мен бұл екі елдің Түркияға бағытталған экспорт лицензияларын шектеуі себепті бұл елдердің НАТО мүшелігіне қарсы шығуына тоқталған Прайс мәселенің Түркия мен АҚШ арасындағы екі жақты бір мәселе емес екеніне назар аударды. Мәлімдемеші «Швеция және финляндиялық серіктестеріміз мұны түрік одақтастарымызбен талқылайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар