1016 елді мекен басқыншылықтан құтқарылды

Зеленксий Ресей мен Украина арасында 24 ақпан күні басталған соғыстың артта қалған үш айын талдады.

1832151
1016 елді мекен басқыншылықтан құтқарылды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Украина басқыншылығының Қырымнан басталғанын және орыс армиясының ақырында  осы аймақтан кетуге мәжбүр болатынын айтты.

Зеленксий Telegram аккаунтынан жариялаған сөзінде Ресей мен Украина арасында 24 ақпан күні басталған соғыстың артта қалған үш айын талдады.

Соғыстың 90-шы күнінде Украина армиясының Ресейге қарсы өз елін қорғауды жалғастырғанын,  үш айлық мерзімнің өте қиын өткенін білдірген Зеленский «Бұлар - орыс басқыншыларының үш айлық соғыс қылмыстары. Шабуылдардың, қиратудың, қоршаудың үш айы» деді.

 Ол 90 күнде Украинаның 15 мың 227 әскер, полиция қызметкері және басқа да қызметкерлерінің мемлекеттік марапатқа лайықты деп табылғанын хабарлады.

«Украинаның 1016 елді мекені басқыншылықтан құтқарылды» деді ол.

Ол Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуның сөздеріне наразылық білдіріп, Ресейдің үш айда табыссыз болғанын айтты.

«Шамамен 30 мың орыс әскері қаза тапты. 200-ден астам ұшақ құлатылды. Мыңдаған орыс танкі, сауытты көлігі мен басқа да техникасы жойылды. Орыстардың зымыран оқ-дәрісі аяқталып қалды» деді ол.

Ол Ресейдің Донбасста табысқа жете алмайтынын өздерінің де жақсы білетінін, алайда осыған қарамастан барлық күшін басып алуға жұмылдырғанын айтты. «Донбасстағы соңғы жағдай өте ауыр.  Ресейдің қолында қалған әскери күші сол жаққа жұмылдырылды» деді ол.

Владимир Зеленский айырықша Украинаға қажетті қаржылай қолдау берілуі және Ресейге қарсы үлкен санкция жүргізілуі үшін әлем басшыларымен кездесулерінің жалғасып жатқанын білдірді. «Орыс басқыншылығы Қырымнан басталды.  Бұл орыс елінің Украинаға байланысты қателер тізіміндегі алғашқы бап емес әрине.  Алайда Ресей үшін өміршең қате. Осыдан кейін Ресей үшін үлкен қателер жалғасын тапты. Бұлардың барлығы оның әлсіреуіне әкеліп соғады. Ақырында олар Қырымнан кетуге мәжбүр болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар