Кулеба қару жіберуді тездетуге шақырды

Кулеба әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

1831502
Кулеба қару жіберуді тездетуге шақырды

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «әріптестерді» еліне қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуді тездетуге шақырды.

Кулеба әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

«Украинаның қолында өзіне қажетті барлық қару бар деп қорытынды жасауға әлі ерте. Ресейдің Донбастағы шабуылы - Екінші дүниежүзілік соғыстан (1939-1945) кейінгі Еуропа жеріндегі ең ірі қақтығыс. Мен серіктестерді қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, әсіресе MLRS (Multi Barrel Rocket Launcher System), алыс қашықтыққа ұшатын артиллерия, БТР (бронетранспортер) жеткізуді жеделдетуге шақырамын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар