Мишель, Әлиев және Пашинян кездесті

Кездесуден кейін басшылар ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.

1830585
Мишель, Әлиев және Пашинян кездесті

Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян кеше Бельгияның астанасы Брюссельде кездесті. Кездесуден кейін басшылар ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.

Үшінші рет кездескенін түсіндірген Мишель Оңтүстік Кавказдағы жағдай, миналардың тазалануы, ұсталған адамдардың еркін қоя берілуі, шығындардың белгіленуі сынды тақырыптардың қолға алынғанын білдірді. 

Мишель Әлиев және Пашинянның екі ел арасында ымыраға барудағы кедергілердің күшінен қалдырылуы тақырыбында келіскенін баяндады.

Мишель екі лидердің келісімге барғанын, сондай-ақ келісімге барған тақырыптар арасында шекара басқаруы, қауіпсіздік, өткел ақылары және халықаралық қатынастарда кеден тақырыптарының болғанын және осы тақырыптарды екі елдің вице-премьерлерінің алдағы күндерде қолға алатынын білдірді. 

Чарльз Мишель Әлиев және Пашинянның екі ел арасындағы қарым-қатынастарды белгілейтін бейбітшілік келісімді ілгерілету тақырыбында да келіскенін айтты. 

Бұл тақырыпты келесі апталарда екі ел сыртқы істер министрлері басшылығындағы делегациялардың талқылайтынын түсіндірген Мишель әлеуметтік және экономикалық даму тақырыбында Еуропа Одағының екі тарапқа да жұмыс істейтінін атап өтті. 

Мишель Әлиев және Пашинянмен шілде және тамыз айында қайтадан кездесетінін баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар