Швеция мен Финляндия НАТО-ға өтініштерін ресми түрде тапсырды

Столтенберг хаттарды Швеция мен Финлияндияның НАТО-да аккредитацияланған елшілерінен қабылдап алды.

1828814
Швеция мен Финляндия НАТО-ға  өтініштерін ресми түрде тапсырды

Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүше болу үшін ресми өтініш хаттарын НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергке тапсырды.

Бас хатшы Столтенберг Бельгияның бас қаласы Брюссельде хаттарды Швеция мен Финлияндияның НАТО-да аккредитацияланған елшілерінен қабылдап алды.

Столтенберг осында журналистерге мәлімдеме жасады. Ол әрбір елдің өз жолын таңдау құқығы бар екенін айтып, осы елдердің талабына риза болғанын білдірді.

Ол Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігінің қауіпсіздікті арттыратынын айтты. «Бүгін хаттардың тапсырылуы – тарихи қадам.  Енді одақтастар НАТО-ға апарар жолды айқындайды.  Барлық одақтастардың уайымдары назарға алынуы керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар